Түркістандық өнерпаздар Кореяда өнер көрсетті
Түркістандық өнерпаздар Сеулде өнер көрсетті.
"Қаған" этнофольклорлық ансамблі мен Яссауи атындағы халықаралық университеттің "Би сұлтаны" тобының мүшелері халық әндерін орындап, би биледі. Таңғы шық елінің талғампаз көрермені концерт бойы қазақстандық әртістерді қошеметке бөледі. Аталған шара екі елдің мәдени жылы аясында ұйымдастырылды.
Бақытжан Аяпбергенов, Қаған этнофольклорлық ансамблінің мүшесі:
- Мен домбырада ойнамын,шіңкілдек, ұрмалы аспаптарда, дабыл аспабы бар. Шенкілдек аспабы бар.Көрермендердің қошіметі, өте бір ыстық ықыласы қатты білінді.
Чон Дон Хи, Янчон өнер және медениет қорының басшысы:
- Маған қазақ әртістерінің шығармашылығы өте ұнады. Корей және қазақ мәдениетінің ұқсастығын сезіндім. Қазақ музыкасын естігеніме және қазақ биін көргеніме қуаныштымын. Қазақстанға барғым келеді.
Хам Хё Юн, Сеул тұрғыны:
- Қазақ әртістерінің киімдері өте әдемі болды. Қазақ аспаптарын алғаш көріп, қатты таң қалдым. Музыка ойнаған көз алдыма дала елестеді. Кейбір сәттерде жылағым келді.