Астанада XII республикалық халық аспаптарында орындаушылардың байқауы өтеді
Биыл Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі 90-концерттік маусымын ашады.
Осыған орай 12-республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауы ұйымдастырылып жатыр. Конкурсқа 16-40 жас аралығындағы музыканттардан 150 өтінім түскен. Оның 113-і іріктеуден өтті. Бас жүлдеге екі номинация, яғни «Домбыра» дәне «Прима қобыз» жүлдесімен қатар 1 миллион 500 мың теңге қаржылай сыйақы қарастырылған.
Медет Қуанышев, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры:
-Биыл Құрманғазының 90-концерттік маусымына тұспа-тұс келуіне орай бас жүлде 2 номинация бойынша табысталады. Осыған дейін тек домбыра номинациясы болған еді. Оркестрдің 90 жылдық кезеңінде Прима Қобыз жүлдесі қосылды. Биылғы 90-шы маусымның ерекшелігі оркестр ұжымының базасында алғаш рет «Құрманғазы атындағы» республикалық конкурстың ұйымдастырылуы.