Ақтауда құран оқу байқауының жеңімпаздары анықталды
Ақтауда «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан» ХІІ республикалық байқау өз мәресіне жетті.
Жарысқа қатысушылар Құранның 10, 20 және 30 парасын оқу бойынша бақ сынады. «Бекет ата» орталық мешітінде өткен сайысқа 80 үміткер қатысты. 4 аталым бойынша үздік шыққан діни қызметкерлер қаржылай сыйақыға ие болса, 30 параны толық жаттаған Нығматулла Абдазимов Бас жүлдеге ие болды. Қариға автокөлік берілді. Құран байқауының аясында Бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды.
Наурызбай Қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:
- Аллаға шүкір, қазіргі таңда біздің елде Құранды жаттаған қариларымыздың саны артып келеді. Жуырда ғана біздің Мемлекет басшымыз қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы БҰҰ үлкен мінберінде қасиетті Құранды құқықтық дәрежеде қорғау керек екендігін айтып өтті. Сондықтан Құран насихатталған жерде, Құранды түсініп, мағынасын ұғынған елде береке болады. Алла соны нәсіп етсін!