Елордада «Ақ пен қара» фотокітабы таныстырылды

Қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың 85 жылдығына орай «Ақ пен қара» атты фотокітаптың таныстырылымы өтті.

Әрі жеке шығармашылық фотокөрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 1960 жылдардан беріһ Сайлау Пернебаевтың кадрына ілінген тұлғалардың 70 шақты суреті қойылған. Сол дәуірдегі саясаткерлер, зиялы қауым өкілдері, өнер, мәдениет қайраткерлерінің жарқын бейнесі көрініс тапқан. Сайлау Пернебаев түсірген суреттер Кеңес Одағы көлемінде өткен газет-журналдар байқауында 16 рет бас жүлденi жеңiп алған. Талантты тұлға 40 жыл өмірін осы қызметке арнады. Бүгін таныстырылған «Ақ пен қара» кітабы мың данамен жарық көріп отыр. Туынды ішінде өткеннен сыр шертетін көп дүние бар.

Асылхан Әбдірайымұлы, Сайлау Пернебаевтың шәкірті:

 - «Ақ пен қара» деп аталуының себебі, ағамыздың өзінің айтқан сөзі бар, «ақ пен қара суретінің ғұмыры ұзақ болады» деген. Фотокітап деп аталуының бір себебі бұл жерде тек қана фотосуреттер емес, ағамыздың керемет айтқыш сөздері, сөзді тауып айтуы, дер кезінде тапқырлығының арқасында өзі солай танымал болған. Сол бойынша өзінің әріптестері айтқан жазбалары мен материалдарын кітапқа енгіздік.