Абай Құнанбаев шығармаларының әзербайжан тіліндегі топтамасы жарық көрді
Елордада Абай Құнанбаев шығармаларының әзербайжан тіліндегі топтамасы жарық көрді.
Кітапта бір емес, бірнеше автордың аударма жұмысы жарияланған. Онда Ұлы ойшылдың өлеңдері, поэмалары және 45 қара сөзі бар. Қазір 500 дана тиражы, таралуға әзір тұр. Оқулықтың жарық көруіне Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры қолдау білдірген.
Гюнай Эфендиева, халықаралық түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті:
- «Қазақ әдебиеті» дегенде ойымызға Хәкім Абай келеді. Оның ақын, ағартушы екені бәріне белгілі. Сондықтан шығармалары Қазақстанның ғана емес, бүкіл Түркітілдес елдің мұрасы деп айта аламыз. Біздің жалпы мақсатымыз түркі әлемін, мәдениеті мен өнерін Дүниежүзіне таныту. Сондықтан алдағы уақытта да Абай есімін ұлықтауды жалғастыра бермекпіз.