Алматыда алғашқы халықаралық фортепиано фестивалі өтті
Алматыда «Kazakh Piano Fest - 2023» атты алғашқы халықаралық фортепиано фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
9 қазанда басталған мәдени шара Қазақстан фортепиано мектебінің негізін қалушы Ева Коганның 95 жылдығына арналды. Фестивальде отандық фортепиано шеберлерінен бөлек, АҚШ, Ресей, Грузия, Румыния және Германияның музыка мұғалімдері шеберлік сабағын өткізіп, өнер көрсетті. Жас музыканттар да танымал композицияларды нақышына келтіріп орындады.
Дана Жұбанова-Әли, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры:
- Ева Коганның 95 жылдығына арналған фестиваль өтіп келе жатқанына өте қуаншытымыз. Себебі қай жылдан бері осы фортепианолық шығармашылық өнердің басшысы болып, Қазақстанда осы жолды ашып келген Ева Коганның өнері қазіргідей жарқырап тұрсын деп өзіміздің оқушыларымызды осы кісінің атындағы конкурсқа шығарып, жүлделі қылып, кешегі концертте ойнап жатыр.