«Хабар» Агенттігі Франциядағы коммуникациялық бағдарламалар көрмесіне қатысып жатыр
Бүгін Францияның Канн қаласында МИПКОМ халықаралық коммуникациялық бағдарламалар нарығы көрмесі жұмысын бастады.
Телеарна, кино, цифрлық технология саласындағы жетістіктерді көрсететін шараға «Хабар» агенттігі де қатысып жатыр. Ұжымның медиа өнімдері көпшілік назарына ұсынылды.
Осымен 85-рет ұйымдастырылған Канн қаласындағы дәстүрлі шараға әлемнің телеконтент жасаушы ұйымдары жиналды. «Хабар» агенттігінің делегациясы Дисней корпорациясының өкілдерімен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Данияр Меңілбеков, «Хабар» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары:
- Біз енді Канндағы үлкен контент маркеттегі пайдаланып, оны тек достастық ТМД аумағында емес, алыс шет елдің көрермендеріне де жеткізгіміз келеді, оларды сатқымыз келеді, олармен келісім-шарт жасасып, осы жобаларды өткізсек дейміз, ауқымын, көкжиегін кеңейтпек мақсатымыз бар.
Агенттік қоржынында 120 дан астам түрлі жанрдағы сериал бар. Ендігі мақсат төл өнімді ел аумағында ғана емес, шетел асыру. Мәселен, халықтың іздеп көретін “Келінжан” сериалы былтыр Қырғызстан нарығына шықты. Сонымен қатар ресейдің және басқа да елдердің онлайн платформалары Хабар агенттігінің өнімдерін сатып алып жатыр.
Аида Қыдырбай, тілші:
- Халықаралық көрмеге екі мыңнан астам ұжымның теле және радио өнімдері ұсынылды. Шараның алғашқы күні ақ 13 мыңға жуық адам тамашалап үлгерген. Мипкомға үздік туындыларын қойып, алпауыттармен келсімге келген ұжымдар қаншама. Сондықтан бұл жиынның әр ұжым үшін берері мол. Мұны көрмеге қатысушылар жақсы біледі әрине.
Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач