Ақмола облысының этномәдени бірлестіктері 20-дан астам іс-шара өткізді
Республика күнінің тарихи маңызы зор.
Қайта жаңғырған ұлттық мейрамды тойлауда өзге ұлт өкілдері ерекше белсенділік танытып отыр. Себебі елдегі тұрақтылық пен ұлтаралық татулық әлемге үлгі. Ақмола облысының өзінде 100-ден астам этнос өкілі тұрады. Республика күніне орай аймақтағы этно-мәдени бірлестіктер 20-ға жуық іс-шара ұйымдастырды.
Ермек Нұғыманов, "Қоғамдық келісім" мекемесінің директоры:
- Бұл күннің маңыздылығы біз үшін еліміздің ынтымақтастықтың, бірліктің, еліміздегі қоғамдық келісімнің мерекесі деп білеміз. Елімізде тұрып жатқан барлық этнос өкілдері бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай Қазақстанның болашағын құрып жатыр. Еліміздің болашағы жарқын болсын. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын.