Сырбойылық жырау Республика күні мерекесінің маңыздылығына тоқталды
Сыр сүлейлері жыр жауһарының бүгінгі жалғаушысы Алмас Алматов егемендік декларациясын ерекше тебіреніспен қабылдаған жанның бірі.
Қорқыт баба, Асан Қайғыдан бастап, қазіргі заман ақын-шайырларының шығармаларын орындайтын эпик жырау ұлт мәдениетінің өркендеу дәуірі туғанын сезінгенін айтады. Қазақтың жыр-дастандарын түрлі мақаммен шетелге танытын жүрген өнер иесі құнды құжаттың қастерлі маңызын түйсініп, мемлекеттік мерекеге айналуы тарихи баға деп санайды.
Алмас Алматов, жырау, фольклортанушы:
- Бұл қазақ елі үшін өте маңызды мереке. 70 жылдық Кеңес дәуірінен өтіп, бүгінгі егеменді ел болу қазақ халқының азаткерлік рухының жемісі деп білеміз. Сондықтан да біздің ұрпақтарымыз жаңа кезеңде ұлт болып ұйысып, халық болып қауымдасып егемендікті сақтап қалуымыз және жетілдіріп отыруымыз басты шарт болу керек.