Елордада Қазақстан музей қызметкерлерінің конгресі өтті
Елордада тұңғыш рет Қазақстан музей қызметкерлерінің конгресі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Жиынға ел бойынша 120-дан аса маман қатысты. Басқосуда музей ісі мен оның қызметін заманауи бағытта дамыту бойынша мәселелер талқыланды. Негізгі мақсат – өзара тәжірибие алмасып, ғылыми бағыттағы жұмыстарды жаңғырту, - дейді ұйымдастырушылар.
Конгресс этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің құрметіне арналып отыр. Іс-шара аясында мемлекет қайраткеріне көрме ұйымдастырылды. Құнды жәдігерлерді Ұлттық музей мен Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» музей қоры ұсынып отыр. Көрме 1 айға жалғасады. Мұнда Өзбекәлі Жәнібековтің өз қолымен тіккен киімдері, құжаттары, жұмыс үстелін көруге болады.