Алматыда көшпенділер туралы сурет көрмесі өтті

Алматыда суретші Нұрия Абдолованың «Көшпенділер» атты көрмесі өтті.

Онда қылқалам шеберінің фольклор мен мифологиялық жанрдағы заманауи форматта бейнеленген 38 картинасы қойылған. Әр сурет әртүрлі техникамен салынған және адамға психологиялық жайлылық сыйлайды,- дейді автор. Еліміздің тарихын, дүниетанымын, ұлттық нақыштарын зерттеген сайын суретші қазақ мәдениетінің тереңдігіне тамсананды. Қылқалам шеберінің көптеген эксклюзивті жұмыстары әлемдегі жеке жинақтарда сақталған. Алматылық сурет сыншылары мен қылқалам өнеріне қызығушылар Нұрия Аболовамен танысып, жұмысын бағалады.

Мария Жұмағұлова, өнертанушы:

- Осы көрмеде 38 шығармасы бар. Олардың әрқайсысының енді өзінің қызығы бар. Былай қарағанда ол қазақтың тарихын, салтын, дәстүрін зерттейді. Сонымен байланысты осы жер әлемінің, оның жаңағы аспанмен байланысты философиялық тақырыпқа да өзінің қатысын көрсетеді.  

Нұрия Абдолова, суретші:

- Мына суреттің аты – «Кимешек». Заманауи стильде салынған картинаға әртүрлі материалдар пайдаланылған. Мұнда мақта, гипс, желім, акрилл және майлы бояу сынды материалдар бар. Заманауи өнердің артықшылығы да осы картинаны қалаған материалмен көркемдеуге болады.