Алматыда жастар театрларының фестивалі басталды
Алматыда алғаш рет жастар театрларының фестивалі басталды.
Байқауға 35 жасқа дейінгі 8 режиссердің қойылымы қатысады. Атап айтсақ Гүлназ Балпейісова, Мейрам Хабибуллин, Антон Зайцев, Әлібек Өмірбекұлы бақ сынайды. Шағуан Үмбетқалиев, Анна Цой, Әридаш Оспанбаева мен Шыңғыс Жақыпбайда бас жүлдеден үмітті. Іс-шара Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында өтіп жатыр. Ашылу салтанатынан кейін көрермен назарына фестивальден тыс, режиссер Фархат Молдағалидің «Құлагер» қойылымы ұсынылды. Жарыстың мақсаты жас мамандардың шеберлігін шыңдап, шығармашылық тәжірибе алмасу. Жеңімпаздар алтыншы қарашада анықталады.
Мұрат Ахманов, режиссер:
- Қазіргі жастардың қолтаңбасы мүлдем бөлек. Бөлек дегенде бұлардың негізгі режиссерлік шешімдерінің ауқымы өте кең. Өйткені қазір біз интернет арқылы біз бүкіл әлемді көріп отырмыз. Бұрын шектеулі ғана осы республикалардың, кеңестік дәуірдің төңірегіндегі дүниелерді көріп жүретін болсақ, қазір әлемді көріп отырмыз.