С. Сейфуллин театры халықаралық байқаудан олжалы оралды
Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин атынағы қазақ драма театры Оманда өткен «Алдини» фестивалінен олжалы оралды.
30-дан аса театр ұжымы бақ сынаған байқауда жерлестеріміз «Үздік киім үлгісі» аталымын жеңіп алды. Халықаралық дода көше театры, балалар және ересектер спектаклі деген 3 аталым бойынша өтті. Қуыршақ-актерларының труппасы өнер бәсекесіне өздері жасаған 11 қуыршақты алып барған. Сол арқылы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген халық ертегісін сахналады. Тәрбиелік әрі тағылымдық мәні зор туынды көрермендерді бей-жай қалдырған жоқ. Өнерпаздар көпшіліктің зор қошеметі мен ықыласына бөленіп қайтты.
Айдын Салбанов, С. Сейфулин атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі:
- Биылғы жылы Сәкен Сейфуллин театры үшін олжалы болды. Өйткені жыл аяғы таяп қалды. Биылдың өзінде біз 10-ға тарта фестивальға қатысып, жүлделі оралып жатырмыз.