Алматыда Шахимардан Әбіловтың шығармашылық кеші өтті
«Толық адам, ой толғау, Хәкім Абай». Осындай тақырыппен Алматыда Қазақстанның халық әртісі Шахимардан Әбіловтің шығармашылық кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шара дарынды балаларға арналған оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында өтті. Кеште әнші моноопера, моно-реквием бағытындағы туындыларды орындады.
Шығармашылық кеш «Қараңғы түнде тау қалғып» әнімен басталды. Дарынды балаларға арналған инновациялық орталықтың үйлестірушісі Манас Тайкеновтың айтуынша, мұндай ауқымдағы шара орталықта алғаш рет өтіп отыр. Ондағы мақсат оқушылардың әдебиетке, ұлттық өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Манас Тайкенов, инновациялық орталықтың үйлестірушісі:
- Жасөспірімдерге осы Абай атамыздың Абай Құнанбаев шығармаларынан әрбір шығарм өлеңдерінде қаншама мән мағына жатыр жастарға үлгі болатындай. Оны әдеби кеш өлең оны моноопера ретінде өткізіп отырмыз.
Белгілі әнші, вокалдық лириканың тамаша орындаушысы Шахимардан Әбіловтың есімі өз елімізде ғана емес, шет жерде де кеңінен танымал. Оның талантын өнерсүйер қауым ерекше бағалайды. Әншінің репертуарында 500-ден астам ария, романс, қазақстандық және шетелдік композиторлардың туындылары бар. «Моноопера – ұзақ жылдық ізденістен туды. Бұл – шығармашылығымгың шыңы», – дейді Шахимардан Қайдарұлы.
Шахимардан Әбілов, Қазақстанның халық әртісі:
- Мен 2 адам болса да, 3 адам болса, Абайды оқысам, Абайды айтсам, соған көңілім көтеріледі. Абайды түсіну өте қиын. Сонда да бір адамға Абайдың сөзіне, жанына, жүрегіне, санасына күш қуат берсем – менің бақытым. 40 жыл бойы менің аңсап келе жатқан программам еді моноопера секілді. Былтыр шығардым.
Шах өнердің елімізде дамуына зор үлес қосып келе жатқан әншінің кеші терең таным-тағылымға толы болды.
Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Сұлтан Бейсекенов.