Тбилисиде Қазақстан мен Грузияның жас пианистерінің бірлескен концерті өтті
Тбилисиде Қазақстан мен Грузияның жас пианистері классикалық музыка кешін ұйымдастырды.
Концерт Тбилиси консерваториясында өтті. Талантты жастар қос елдің әйгілі композиторларының шығармаларын орындады. Сонымен қатар қазақстандық жас сазгер Карина Измаилованың "Арнау" атты туындысының тұсауы кесілді.
Ерназар Ғимарат, халықаралық шығармашылық ұйымның директоры:
- Концертті осы елде тағылымдамадан өтіп жатқан қазақстандық музыканттар ұйымдастырды. Жалпы екі елдің жас пианистерінің кешін өткізу идеясы аяқ астынан туды. Соған қарамастан өте жақсы болды.
Давид Кецбая, В.Сараджишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік консерваториясының студенті:
- Гүржі музыкасы ырғақты келеді. Сондықтан шығарманың шағын бір бөлігінің өзі әртүрлі болуы мүмкін. Ал мен ойнаған қазақ туындысы өте әуезді болды.