Түркістанда Raiymbek Fest театр фестивалі өтіп жатыр
Түркістанда Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейтметовтың 85 жылдығына орай «Raiymbek Fest» I Республикалық театр фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Еліміздің 11 өңірінен келген театр ұжымдары 3 күннен бері түрлі тақырыптағы сахналық қойылымын көрермен назарына ұсынып жатыр. Мақсат – қазақ кәсіби театрларының өнерін насихаттап, қазіргі келбетін таныту және өнер ұжымдарының өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Талантты әртістер мен дарынды режиссерлерді анықтау, - дейді. Байқауға қазылық етушілер – өнер саласына еңбегі сіңген театр сыншылары мен кәсіби мамандар.
Балтабай Сейітмамытұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
- Райымбек аға – менің ұстазым, мен – ол кісінің ең бірінші шәкіртімін. Ол кісінің артынан еріп келе жатырмын. Актер болдым, одан режиссер болдым. Талай жылдар театрда. Спектакльдер қойдым. Міне, сол кісінің арқасында қазір бүкіл республикадан келіп, театрлар өнерін көрсетіп жатыр. 11 спекталь еді, енді осыдан кейін 3 қойылым қалды. Әр спектальді көріп, бағасын беріп, қандай жетістігі бар, қандай кемшілігі бар – бәрін айтып жатырмыз.