Павлодарда теңге туралы ерекше көрме өтті
1993 жылдың он бесінші қарашасында төл теңге қолданысқа енді.
Ұлттық валюта күні қарсаңында Ертіс музейі "Шығыс базары" жәрмеңкесі үлгісінде көрме ұйымдастырды. Ақша айналымға түспеген кезде сауда - тауар айырбастау арқылы жүзеге асқан. Ал Павлодарда атақты Қоянды жәрмеңкесі өткен. Бұл экономикалық қарым-қатынастардың бастау алған кезеңі. Ал елімізде алғаш болып шыққан тиын мен қағаз ақша тарих қойнауына кетті. Көрмеге ұлы тұлғалардың суреттері бейнеленген мерейтойлық банкноттар, ескі ақша, бірнеше елдің ертедегі темір тиындары қойылған. Қазба жұмыстары кезінде Ертіс өңірінен табылған тиындарды да кездестіруге болады.
Гүлжанат Әлиева, облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім басшысы:
- Біздің аумағымызда бірнеше мемлекет болған, ол Түрік қағанаты, Қимақ қағанаты, Алтын Орда кезеңі. Қазба жұмыстары кезінде әртүрлі ескерткіштерде біздің өңіріміздегі мемлекеттердің монеталары табылған. Өйткені ол ақша мына ұлттың, елдің туы сияқты, әнұраны сияқты елдіктің белгісі. Сондықтан осы табылған монеталар бойынша әртүрлі кезеңдерді көруге болады. 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында атақты суретшілер, тарихшылар жұмылып осы Қазақстанның бейнесін жалпы көрсететін, тарихын көрсететін сондай ақша.