Теміртауда ерекше көрме ашылды
Теміртау қаласының тарихи-өлкетану музейінде зағип жандарға арналған экспонаттар қойылды.
Көрме мұражайдың 50 жылдығына арналды. Металлургия саласының дамуын айшықтайтын ерекше жәдігерлерді 20 жылдан бері музейде еңбек етіп жүрген Хайниса Мустафина жинаған. Оның еңбегін әріптестері жоғары бағалап отыр. Көрме 6 желтоқсанға дейін жалғасады.
Светлана Трещева, Теміртау қаласы тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері:
- Бұл көрмені жасаған кезде ұсақ-түйек дүниеге жол берілмейді. Себебі көзі нашар көретін жанның оны ұстап түсінуі қиын болады. Сондай-ақ әр экспонаттың қасында ақпараттық блок бар. Ол да зағип жандардың оқып білуіне арналған. Біз осы жұмыстар ойдағыдай болу үшін Қарағандыдан арнайы мамандарды шақыртқанбыз. Олар көрмені көріп, жақсы бағасын берді.