Петропавлда дәстүрлі әншілердің байқауы өтіп жатыр. LIVE
Петропавлда Ақан сері Қорамсаұлы атындағы II Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы басталды.
Ұлттық руханияқа өшпес із қалдырған сал-серілердің падишасы Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына арналған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 40-тан астам өнерпаз қатысып жатыр. Қазір аймақтағы әріптесім Самат Қайырденұлы аталған мәдени іс-шараның бел ортасында жүр.
Самат Қайырденұлы, тілші:
- Қазір біз облыстық филарманияда тұрмыз. Осы жерде Ақан сері Қорамсаұлы атындағы II Республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтіп жатыр. Ақан сері – бүкіл өмірін өлеңмен өнерге арнаған жан. Әншілігінен бөлек, сазгерлігі өз алдына бір төбе. Оның «Балқадиша», «Құлагер» сынды оның туындылары кеңінен танымал. Биыл сал-серілердің падишасы атанған тұлғаның туғанына 180 жыл. Осыған орай Петропавлға кіл мықтылар жиналды. Дайындықтары мықты. Таңғы 9-да шараның салтанатты ашылуы өтті. Қазір тыңдалым өтіп жатыр. Түсірілім барысында ұлттық өнерді дәріптеп жүрген азаматтармен тілдескен едік.
Әзімхан Адай, байқауға қатысушы:
- Қазақтың ең ән басында кім дегенде осы Біржан, Ақан, Мұхит тұрады. Солардың ішінде осы шоқтығы биік – Ақан сері атамыз. Ат баптаған, жүйрік баптап, бәйгеге қосқан. 300 аттың алдында келген Құлагерді жоқтап, зарлап ән шығарған бұл – Ақан атамыз. Сондықтан бұл – Алаштың ардақты ақыны. Сондықтан осындай шаралар көп болсын. Конкурс өте жоғары деңгейде өтіп жатыр.
Байқау 2 күнге жалғасады. Жеңімпаздар ертең кешке өтетін гала-концертте өнер көрсетеді.