«Хабар» арнасынан Junior Eurovision байқауы тікелей эфирде көрсетіледі
XXI халықаралық балалар конкурсы Францияның Ницца қаласында өтеді.
Оған 16 елдің өкілі қатысады. Жыл сайын өтетін ән байқауында әр жылдары қазақстандық жас таланттар да өнер көрсеткен еді. Алғаш рет бес жыл бұрын Дәнелия Төлешова Минск төрінде ән шырқады. Ол 6-оорыннан көрінді. Ал келесі жылы Польшада өткен конкурста Ержан Максим әлем жұртын тамсандырып, 2-орынды еншіледі. "Хабар" агенттігі беделді сайысты тікелей эфирде тарату құқығына Еуропалық хабар тарату одағына енгеннен кейін ие болды. Агенттік бұл одаққа 2018 жылы мүше болды.