Голливудте қазақстандық каскадёрлер түскен «Наполеон» фильмі прокатқа шықты

Голливудте қазақстандық каскадёрлер түскен «Наполеон» фильмі прокатқа шықты

Қазақстандық каскадёрлер түскен «Наполеон» фильмі прокатқа шықты. Картинаның режиссері британдық Ридли Скотт.

Кинода француз императоры Наполеон Бонапарттың билікке келуі мен оның өмірлік жолы суреттеледі. Тарихи драманың эпикалық сахнасы – көлемімен ерекше. Туындыда қазақ жігіттері ат құлағында ойнайтындығын көрсеткен. Оған қоса олар бірнеше қауіпті эпизодтарға түскен. Қазақстандық каскадерлерге режиссер алғыс білдіріп, тағы басқа жобаларға шақыратынын айтқан. Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов. Топ 2000 жылы құрылған. Содан бері Голливуд, Болливуд және Түркияның жетекші студияларымен бірлесіп жұмыс істеп келеді. Үш жыл бұрын каскадерлер әлемінің Оскары саналатын «Таурус» сыйлығын иеленген. 

Есболат Әбдіберік , каскадер:

- Наполеон жұмысымызды айтатын болсақ өте жақсы. Ұлыбритания елінде Лондон қаласында түсірілім сол жақта болды. Қазақстаннан Номад каскадерлік топтан 12 жігіт жұмыс жасадық. Біз деген көптеген трюктар жасадық. Көптеген костюм кидік. Казак болдық, австриец болдық. Англичан болып киіндік. Француздар болып киіндік. Былай айтқан кезде барлық образда болып үлгірдік.