Елордада «Көшпелілер әуені» этнофестивалі өтіп жатыр

Дәстүрлі музыка мерекесіне Қырғызстан, Саха, Түркия, Өзбекстаннан өнер иелері арнайы ат терлетіп келген.

Олар үш күн бойы Қазақконцерт қабырғасында фольклорлық әуендерді шырқап, көшпелі халықтың бай мұрасымен таныстырады. «Жобаның мақсаты – түркі халықтарының бірлігі мен руханиятын насихаттау», - дейді ұйымдастырушылар. Іс-шара концерттік бағдарламамен шектелмеді. Фестиваль аясында Саха елінен келген хомусшы Айсен Деллоховтың шеберлік сабағы өтеді.

Айсен Деллохов, хомусшы /Саха республикасы/:

-Менің шеберлік сағатым хомусты аспабын үйренуді енді бастаған жандарға арналған. Хомус – якут халқының ұлттық аспабы. Қазақшасы – шаңқобы. Бұл аспап жер шарының түкпір-түкпірінде кездеседі. Якут бағыты өзгелерден табиғатпен тығыз байланысымен ерекшеленеді. Біздің ұлттық бағытта аңдар мен құстар дауысы жиі кезігеді. Сонымен қатар хомусты ұстау тәсілі мен дем дұрыс алу әдісін айтпақпын.