Б. Шормақұлы 60-қа толды
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Бауыржан Шормақұлы 60-қа толды.
Мерейтой иесі елордада «Тобылғы торы толғауым» атауымен әдеби кеш өткізді. Салтанаттың аясында ақын оқырманға «Ой түбінде жатқан сөз», «Қайран шешем», «Мірдің оғы» атты жаңа кітаптарын таныстырды. Кеште ақынның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер шырқалды. Әдебиет әлеміндегі достары мен шәкірттері ақынды құттықтап, шығармашылығын сөз етті.
Ербол Алшынбай, ақын:
- Алаштың ұранына айналған ақындардың жалғасы – Бауыржан ағамыз. Бүгінге дейін 20-дан астам шығарды. Қазақ поэзиясында ақсаңдап келе жатқан терме жанрында өте көп еңбектенген адам. Бұл кісінің «Сыншыл, күншіл ағайын», «Туыстарым» секілді термелері күллі қазақтың аузында айтылып, жүрегінде жатталып жүрген таңдаулы дүниеге айналды.