Астанада «Umai 2023» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

www.gov.kz

Кәсіби шығармашылық ұжымдар мен жекелеген өнер қайраткерлерін елеулі шығармашылық жетістіктері үшін қолдауға бағытталған байқау биыл екінші рет ұйымдастырылды.

Конкурсты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.

Аида Балаева «Umai 2023» ұлттық өнер сыйлығы еліміз үшін ерекше маңызға ие деп атап өтті.

«Мемлекет басшысы ынта-жігері берік, елімізді ұлы дәрежеге көтере алатын ұрпақ қалыптастыруға ұмтылады. Біздің өнеріміз бен мәдениетіміз қоғамдық тұлғаны тәрбиелейді. Президентіміз үнемі осы қағиданы айтып келеді. Бұл біздің болашағымызға қажет рухани саясат. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған барлық бастамалары мен реформаларының түпкі мақсаты - мемлекетіміз үшін ортақ іске елеулі үлес қосатындарға жан-жақты қолдау көрсету. Umai сыйлығы да осындай қолдаудың жарқын көрінісі», - деді министр.

Ағымдағы жылы ұйымдастыру комитетіне қатысушылардан 322 өтінім келіп түссе, финалға 114 адам өтті. Олардың 29-ы сыйлықтың иегері атанды.

«Umai 2023» жеңімпаздарының тізімімен сайтта танысуға болады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі