Токиода қазақ фильмінің тұсаукесері өтті
Жапонияда қазақ режиссері Елдар Қапаровтың «Соғыс тұтқыны» фильмінің тұсаукесері өтті.
Іс-шара Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Сюжеттің желісі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңестік тұтқында болған жапон жігіті Ахико Тецуроның шынайы тағдыры төңірегінде өрбиді. Тарихи драма 2021 жылы еліміздің Мәдениет министрлігі және «Қазақфильмнің» тапсырысымен түсірілген. Кинокартинаны алдағы 3 апта бойы жапон кинотеатрларынан көруге болады.
Ирина Ахико, Ахико Тецуроның қызы:
- Бәрі ұнады. Фильмді көрген адамдар басты кейіпкердің қандай қиындықты бастан өткергенін сезіне алады деп ойлаймын. Маған осы киноны көру біраз ауыр болды. Еріксіз көзіме жас келе береді.