Қоянбаевтың тағы бір фильмі көрерменге жол тартты
"Қазақша бизнес Бразилияда". Нұрлан Қоянбаевтың кезекті туындысы бүгін көрерменге жол тартады.
Комедия үш жыл бұрын Үндістанға сапарлаған бес достың бастан кешкен оқиғаларының жалғасы.
Бұл бөлімде Әлен мен Мақпал IT саласында жұмыс істейді. Бақдәулет тау бөктерінен жатақхана ашады, Ерқош шоу-бизнеске кетеді. Ал бас кейіпкер Жомарт бразилиялық банданың қолына түседі.
Фильмнің режиссері Алишер Утев.
Комедияға бұрынғы актерлік құрам қатысқан. 80 минуттық фильм Бразилия мен Қазақстанда түсірілді.
Айта кетейік, осыған дейін шыққан "Қазақша бизнес Үндістанда" 1 миллиард 200 миллион теңгеден астам қаражат жинап, кассалық алымдар бойынша көш бастады.