«Мұхамеджан Тынышбаев: Ғасыр жобасы» деректі фильмі көрсетілді
«Мұхамеджан Тынышбаев: Ғасыр жобасы».
Түркістанда қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженердің қоғамдық-саяси қызметіне арналған деректі фильм көрсетілді. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінде өткен шараға Тынышбаев қорының президенті, немересі Нұршакен Жүнісова мен белгілі ғалымдар, оқу орнының басшылары мен студенттері қатысты. Толық метражды туындыда белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, Алаш ардақтысының ұрпақтары біртуар тұлғаның өнегелі өмірі мен ел үшін еткен ерен еңбегі жайлы дәйекті деректермен бөліседі. Фильм студенттерге ерекше әсер қалдырды.
Гүлбану Жүгенбаева, тарих ғылымдарының докторы, М.Тынышбаевтанушы, ғалым:
- 1927-1930 жылы елді индустрияландыру бағытының бір саласы – Түркістан-Сібір темір жолын жалғайтын алып, құрылысты салу. Сол атақты құрылыстың ең алғашқы авторы Мұхамеджан Тынышбаев. Бүкіл халық Түрксіб темір жолының біткенін қуанып, салтанатпен насихаттап жатқан кезде 30-жылы 3 тамызда М.Тынышбаевты кеңес үкіметі тұтқынға алды. М.Тынышбаев Түрксіб артымда қалатын ескерткіш деп айтқан.