Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 115 жыл
Биыл әдебиет майталманы Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 115 жыл.
Сыр өңірінде дүниеге келген ақын мөлдір поэзия әлемінің падишасына айналды. Сыршыл, ойлы өлеңдермен қатар кең құлашты, терең мазмұнды поэмалар да жазған. Халық аңыздары желісінде жарық көрген «Мерген», «Аққу», «Күй атасы» еңбектері – соның айғағы. Сонымен қатар Әбділдә Тәжібаев драматург ретінде белгілі. Оның «Ақ қайың», «Гүлден, дала», «Майра», «Таныстар» секілді бірқатар пьесалары бар. Қаламгердің сценарийі бойынша «Жамбыл» көркем фильмі түсірілді. Абыз сондай-ақ А.Пушкин, А.Островский, Г.Гейненің туындыларын қазақ тіліне тәржімалаумен айналысты.