Димаш Ыстамбұлда концерт береді

Биыл қазақтың атын төрткүл дүниеге танытқан талантты әнші, отандасымыз Димаш 30 жасқа толады.

Мерейтойына орай бірегей дарын иесі Ыстамбұлда концерт бермек. Бұл жолы да қалың жұртшылықты талантымен тәнті етіп, таңқалдырамын деп отыр.

Ән әлемінің патшасы Димаш Құдайберген шетелдегі концерті алдында сол елдің БАҚ өкілдерімен кездесуді дәстүрге айналдырған. Дауылпаз әнші түрік тыңдарманына When I've got you атты жаңа бейнебаянын таныстырды.

Босфор бұғазы жағалауында өткен баспасөз отырысына түріктің бақ өкілдері келді. Қазақтың даңқын аспандатқан Димаш журналисттердің сұрағына қазақ, түрік, ағылшын және орыс тілдерінде жауап берді. Димаштың сөзінше, көрермен әншінің тек 30-35% өнерін тамашалаған. Оның тыңдарманға тосынсыйлары көп.

Димаш Құдайберген, Қазақстанның халық әртісі:

- Ағайындарымызды әуезді әнімізбен сусындатып, көңілдерінен шығуға ниеттіміз. 24 мамырда әйгілі Бешикташ стадионында Стренджер деп аталатын үлкен концерттік бағдарламамды алып келуге риеттеніп отырмыз. Көптеген жаңа әндер орындалады. Бағдарламада кқптеген өзгерістер болатыны сөзсіз.

When I've got you клипінің сюжеті ерекше. Онда Димаш, тарихи айдаһар кейпінде. Бейнебаянда айдаһар мен арудың махаббаты көрсетілген. Осы кадрларды тамашалап отырып Димаш пен көрермен әр сәтті ерекше сезіммен тамашалады.

Хандан Ышык, Димаштың Түркиядағы фан тобының жетекшісі:

- Димаш үшін арнайы Анкарадан келдім. Бүгінгі жаңа бейнебаянда Димаштың айдаһар рөлін сомдайтындықтан арнайы осылай киініп келдік. Осындай төс белгісін арнайы жасаттық. Тағатсыздана мамырды күтіп жүрміз.

БЛИЦ

- Оның шығармашылығымен 2018 жылы таныстым. Сол күннен бері қай жерде концерті болса қалдырмауға тырысамын. Өміріме бір мән келген секілді.

- Студентпін. Басқа елге баруға қазірше мүмкіндігім жоқ. Кумирімнің Түркияға келетін хабарын алып, жүгіріп келдім. Толқып тұрмын. Оны бірінші рет көрдім.

24 Мамыр күні өтетін концерт Ыстамбұлдағы 42590 орындық ең ірі Бешикташ стадионында өтпек. Мұнда әйгілі Майкл Джексон, Мадонна, Шакира мен Рианна секілді жұлдыздарды концерті ұйымдастырылған. Қазірдің өзінде билеттердің басым бөлігі сатылып кеткен.