Командалық айтыс қайта жаңғырады
Командалық айтыс қайта жаңғырады.
Жаңаша түлеген дәстүрлі өнер додасына қатысу үшін 20 өңір өз ішінен мықтыларын іріктеп, команда жасақтайды. Әр құрамда айтыскерлерден бөлек, жыршы-термеші, дәстүрлі әнші және күйшілер де өнер көрсетеді. Осылайша, 4 кезеңнен тұратын бәйгеде дәстүрлі өнер дәріптеледі. Алғашқы кезең 9 наурызда Қызылорда облысында басталады. Сайыс 1 жылға созылып, ақтық сынға екі команда өтеді.
Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ұлттық өнердің 5 жанры бойынша біздің өнер майталмандары бір-бірімен бәсекеге түседі. Енді біз командаларды бір-бірімен қарсыластырып, жұптау барысында олардың географиялық қоныстану ерекшеліктерін ескердік. Қазылар алқасы сол сіздерге айтып өткен өнер саласының майталмандары баға беретін болады. Қазылар алқасының құрамы өзгеруі мүұмкін, бірақ әр саланың майталман маманы болады.