Қарағандыда қолөнершілер көрмесі өтіп жатыр

Қарағандының бейнелеу өнері музейінде қолөнершілердің көрмесі өтіп жатыр.

Оған 30-дан аса шебердің бұйымдары қойылған. Атап айтқанда, ою-өрнектермен көмкерілген киіздер, түрлі-түсті кілемдер, тоқыма және этностиль түріндегі ағаштан жасалған бұйымдар мен зергерлердің туындылары бар. Қыз-келіншектердің ұлттық киім үлгілері де көрсетілді. Сондай-ақ музей қорында сақталған киіз үйдің ішкі келбеті мен ыдыс-аяқтарды да көруге болады. Көрме жұмысы бірнеше күнге созылады.

Мейрамгүл Елубаева, Облыстық бейнелеу өнері музейі басшысының орынбасары:

- Бұл жәрмеңке бізде үш күн жұмыс істейді. Мұнда қарағандылықтар мен қала қонақтарына, өздеріне ұнаған тұрмысқа қажетті заттар, этностильдегі киімдер, балалардың киімдерін, зергерлік бұйымдарды сатып алуларына болады. Бұл өйткені сату көрмесі. Ал келетін қонақтар, келушілерге есігіміз ашық. Бәрі тегін.