16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. LIVE

Бұл күн мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады.

Мәселен, Ақмола облысында Ұлыстың ұлы күніне күніне орай 5 мыңнан астам шара ұйымдастырылады. Оның ішінде өнер фестивалі, мерекелік кештер, шығармашылық байқаулар мен экологиялық акциялар бар. Аймақтағы білім ошақтары да Наурыз мейрамын кең көлемде тойлап жатыр.

Абзал Балтабаев, тілші:

- Ақмола облысында Ұлыстың ұлы күні кең көлемде тойланып жатыр. Ол үшін арнайы мерекелік бағдарлама да әзірленген. Яғни, 14 наурыз, Көрісу күні басталған шаралар легі 23 наурызға дейін жалғасады. Бүгін – Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні. Осыған орай облыс орталығындағы №9 мектепте «Армысың, әз-Наурыз» атты мерекелік шара өтіп жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, мектеп алдына киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылған. Бұл жарысқа тек оқушылар емес, жергілікті тұрғындар да қатысып жатыр. Міне, дәл қазір қазақ күресінен оқушылар белдесуі өтіп жатыр.

Айта кетейік, бұл білім ордасы осы оқу жылында пайдалануға берілді. Қазір мұнда 500-ден астам бала оқиды. Оқушылардың да көңілі шат. Бірі ән айтып, сахна көрігін қыздырса, енді бірі спорттық шараларға қатысып жатыр. Ал енді мен ұйымдастырушылар жаққа беттеймін.

Мектепгі мерекелік шара кешке дейін жалғасады. Оқушылар мен тұрғындар үшін волейбол, үстел теннисінен жарыстар кешкі уақытта өткізіледі.