Таразда қазақ ою-өрнегін әлемге танытып жүрген дизайнер тұрады

Таразда қазақ ою-өрнегін әлемге танытып жүрген дизайнер тұрады.

Айдархан Қалиев сан ғасырлық өрнектерді замануи киімге салып жаңғыртып жүрген шебер. Жыл сайын әлем сәнгерлерін жиған сән апталығын да ұйымдастырып келеді.

Айдархан Қалиев IT саласының маманы. 1987 жылы оқу ордасын тәмамдап, Жамбыл облысындағы жеңіл өнеркәсіп интитутына оқытушы болып келеді. «Сонда жүріп киім тігуге деген құштарлығым ашылды», -дейді ол. Тәуелісіздік алған жылдары алғаш ұлттық киімдерді пішіп сатқан. Бүгінде заман талабына сай сырт киім мен тақия, көкірекшелерді нео-фольклор стилінде шығаруда.

Айдархан Қалиев, дизайнер:

- Кебенек деген – ол киізден ер адамдар киіп аттың үстінде мініп жүрген. Қар өтпейді су өтпейді жел өтпейді былай плащ сияқты. Ол енді ол заманда киізден істелген. Ал енді қазір біз басқа заманда өмір сүріп жатырмыз, бірақ біздің өзіміздің ұлттық сезім қалу керек. Сол үшін киізді қолданып жатырмыз. 2 жылдай болды Тараз бүкіл дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне кіріп отыр. Жаңағы киіз басу жағынан. Сол үшін киізді көбірек шетелге насихаттап жүрмін қолдан келгеннен кейін.

Дизайнер туындыларының басым бөлігіне жіптен тоқылған гобелен матасын қолданады. Онысын Қытайдың Шанхай қаласынан арнайы тапсырыспен тоқытып алдырады. Ал мата бетіне салынатын оюдың алдымен шығу тегін зерттейді. Одан кейін өзіндік қолтаңбасын қосып мағынасына қарай қолданады. Айдарханның тігін цехында 15-ке жуық тігінші мен сәнгер бар. Олардың барлығы - өз шәкірттері. 

Гүлжанат Тілеккеева, тігінші:

- Дизайны бірінші қағазға ою салынады. Сканерлеп компьютерге жібереміз. Компьютерден фотошоппен тазалаймыз бұлардың бетін. Тазалап болғаннан кейін арнайы өзінің қағазы болады, сол қағазға бастырамыз. Қағаздан матаға сублиматор арқылы жіберіледі. Сыру әдісінің өзіне 1,5 сағат уақыт кетеді. Бұны құрастырғанымыздың өзіне 1 сағат кетеді. Общий айтқанда бір күнде 3 сағаттацй уақыт кетеді 1 жилетканы тігіп шығуға.

Айдархан «Аspara Fashion Week» сән апталығының авторы. Оның басқалардан айырмашылығы мұнда тек заманауи үлгідегі ұлттық киімдер көрсетіледі.

Айдархан Қалиев, дизайнер:

- Жылына 2 рет бүкіл Қазақстанның дизайнерлері 80-нен астам, бүкіл шетелдегі дизайнерлер және де эксперттер осы Таразға ұмтылып келеді Аспара фешн уикке қатысып кетеді. Сол үшін былай қарап отырсақ негласный неформальный Қазақстанның сән әлемінің астанасы. Сол айтқанда өзім патриот болғаннан кейін Таразға беріп жатқан үлесім сол.

Аspara көрмесі 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінге дейін сән апталығының 13 маусымы ұйымдастырылды. Оған әлемнің 50 елінен 600 - ден аса дизайнер қатысты. Бүгінде аталған апталық қазақстандық жас сәнгерлерге мүмкіндік беретін алаң ретінде қалыптасты.

Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Елдар Байділдә