«Күй күмбірі» челленджі өтті
Наурыз мейрамы қарсаңында ақмолалық оқушылар бір мезетте қазақ күйлерін орындады, деп хабарлайды 24KZ.
«Күй күмбірі» челленджіне 40 мыңға жуық балалар мен мұғалімдер қатысты. Оқушылар Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» күйлерін шертті. Бастаманың мақсаты – жастарды ұлттық өнермен кеңінен таныстыру.
Жалпы соңғы жылдары облыста халықтық аспаптарға деген қызығушылық артты. Қазір 3 мыңнан астам оқушы домбыра үйірмелерінде өз өнерін шыңдап жүр.
Ардақ Ахметжанова, мектеп директоры:
- Жылдан жылға домбыраға деген сүйіспеншілік артып жатыр. Былтырғы жылы біз 20 жаңа домбыра алған болатынбыз. Енді биылғы жылы біз жаңа домбыра кабинетін ашайын деп жатырмыз. Ол үшін барлық жабдықтар алынған және тағы да жоспарда 30 домбыра алып, сол домбыраны насихаттап, жалғастырмақпыз.