Адырнаның шығу тарихы қандай?
Көне дүние демекші, адырна деген аспабымыз бар екен.
Адырна деп садаққа байланысты ғана айтылмайды екен. Аңызға қарағанда, бұл – көне түркілер мен қыпшақтар арасында кең тараған танымал аспап. Адырнаның жасалуы қалай, қай уақыттарда пайда болған?
Адырна – қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталған. Көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Садақтың ағашқа керілген жібін «адырна» дейтіндіктен, аспаптың атауы да солай аталған.
Ардаби Мәулетұлы, өнертанушы:
- Бұл да – тарихи қазба деректерде, петроглифтерде бар дүние. Әйтпесе, бекерден бекер бүгінгі адам ойдан шығара алмайды оны. Оның шығу негізі бар ғой. Оның өзі – домбыра сияқты екі шек емес, бәленбай шекті аспап. Көпшекті аспап тізеге сүйеп қойып, екі бұттың арасына қысып отырып тартатын. Өзі әдемі сұлу аспап. Айтып отырмын ғой, Болат Сарыбаевтың өзі зерттеген аспаптардың ішінде сол адырна айтылады.
Индира Тарғынова, адырнашы:
- Бізге бұл аспапты жеткізген ағартушы-этногроф, ғалым Өзбекәлі Жәнібеков. Аспапты таныстырып қана қоймай, ансамбльге енгізді. Қазіргі таңда сіздер ансамбльдерден осы аспапты көре аласыздар. 1985 жылы «Адырна» музыкалық ансамблі құрылады. Сол кезден бастап көпке мәлім болып, Өзбекәлі Жәнібеков елге танытады.
Археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде табылған бұл аспапты аңшылар ұстаған деген дерек бар. Зерттеушілердің айтуы бойынша, адырна аспабының көне түрі садаққа ұқсаған.
Нұржан Ділманов, шебер:
- Адырна деген садақ тәрізді болады. Арфаның артқы жағы үлкен болса, садақ тәрізді болып, ыңғайлы болса, содан пішінінен алынған. Адырнаны Болат Сарыбаев атамыз, содан ұстаздарымыздан көріп жасағанымыз ғой. Адырна 16 шекті болады. 18 шекті болады. Мынау енді жетігенді алдыңа алып ойнайтын болсаң, адырнаны тігінен тұрғызып ойнайды.
Адырнаның қалыңдығы – 8-10, жалпы тұрқы – 48-50 см. Ішектері шуда жіптен не болмаса тарамыстан жасалады. Жалпы саны 7-ден 18-ге дейін жетеді.
Индира Тарғынова, адырнашы:
- Адырна – қазақ халқының музыкалық мәдениетінде ерекше орын алатын көп шекті шертпелі көне аспаптың бірі. Қазақстан аумағында алғашқы рет адырнаны ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында Алтай тауларында табылған деседі. Адырнада бідің заманымыздан бұрын аңшылар ойнаған және де ұрыс даласында көшпенділер музыкалық аспаптан қаруға айналдыратын.
Адырнаны тізеге қойып, басын иыққа тіреп, сол қолмен сүйеп, оң қолмен ішекті іліп, кейде шертіп ойнайды. Мұны бір кездері марал, бөкен, бұғы, киік, арқар тәрізді аңдарға да ұқсатып жасаған, – дейді.
Авторлары: Асантемір Қаршығаұлы, Асхат Қарақойшиев, Абдулхамит Бөлекбаев.