Атырауда жас өнерпаздар көрерменге музыкалық қойылым ұсынды
Атырауда халықаралық театр күніне орай жас өнерпаздар көрерменге музыкалық қойылым ұсынды.
Жастар театрының ашылғанына көп болған жоқ.
Асланбек Шығыр, тілші:
- Биыл ғана ресми ашылған жастар театры бүгін көрермендерді арбатқа жинап, мерекелік көңіл-күй сыйлап жатыр. Музыкалық қойылым жаңа ғана басталды.
Алғаш 2014 жылы әуесқой театр ретінде құрылып, көрерменнің ықыласына бөленген өнер ұжымы биыл мемлекеттік мәртебе алған еді. Әрине осынша көрерменнің басын қосып отырған жас театрдың беделі де биік. Мағыналы қойылымдарымен көптің көңілінен шыққан мәдени ұжымның жеткен жетістігі де көп.
2019 жылы Испанияның Ллорет-де-Мар қаласында өткен театр фестивалінде Гран-Приді қанжығалады. Сондай-ақ Ресей Федерациясының Кречь қаласында өткен фестивальдің Бас жүлдесін Бернард Шоудың “Клеопатра” спектаклімен иеленген. Қазір менің жанымда Жастар театрының басшысы тұр. Әміржан Нұрланұлы, мереке құтты болсын! Шығармашылық табыс тілейміз.
Әміржан Нұрланұлы, Атырау жастар театры басшысының уақытша міндетін атқарушы:
Асланбек Шығыр, тілші:
Атырау Жастар театры міне осы жаңа қоныста алғаш рет көрермендерін жинап, сахналық қойылымын ұсынып жатыр. Қазір осы композиция аяқталғаннан кейін жастар театрының қызметкерлері марапатталады. Өнер айдынына сапар шеккен жас өнерпаздарға сәттілік тілейміз!