Қазығұрт ауданында «Кемеқалған» монументі қоқыстан тазартылды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы кезінде Қазығұрт ауданындағы «Кемеқалған» монументінің аумағы қоқыстан тазартылды.
Игі іске облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты бастамашы болды. Шараға 100 шақты белсенді жас қатысты. Олар киелі Қазығұрт тауының баурайын күл-қоқыстан тазартып, темір қоршауын сырлап шықты. Ағаштардың түбін әктеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, «Вандализмге жол жоқ!» жобасы аясында монумент аумағындағы тастарға жазылған жазуларды өшірді. Айта кетейік, «Кемеқалған» ескерткіші ел арасындағы аңыз-әпсаналардың негізінде салынған монументалды кешен. Нысан қарт Қазығұрттың етегіндегі ең биік жерде орналасқан.
Жансерік Жұман, акцияға қатысушы:
- Өздеріңіз білесіздер, республика көлемінде вандализмнің алдын алу өте қарқынды жүргізіліп жатыр. Біз мынау таудың тастарына адамдардың жазып кеткен вандалистік іс-әрекеттерін жою мақсатында да жұмыс жүргізіп жатырмыз. Біз бұл бағыттағы жұмыты Түркітсандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесніде жүргіздік. Одан бөлек Сауран қалашығында жүргіздік. Сонымен қатар өңіріміздегі басқа да киелі орындарда жалғастырған болатынбыз.