«Анама қарап бой түзеймін» авторлық байқауы өтті
Журналист Бағдагүл Рахметқызының «Анама қарап бой түзеймін» атты авторлық байқауы өтті.
Отбасылық құндылықтарды насихаттайтын шоуға 80 қатысушыдан 7 жұп іріктелген. Әр өңірден елордаға келген аналар мен қыздар қатысты. Олар шығармашылық, интеллектуалдық және аспаздық өнерлерін көрсетті. Жалпы жоба басталғалы 30 қыз-келіншек қамтылған. Жеңімпаздар марапатталады. Биыл «Анама қарап бой түзеймін» байқауы ең үздік әйелдер жобасы деп танылды.
Оразкүл Асанғазықызы, қоғам қайраткері:
- Бұл бағдарламаның беретіні жалпы ұлттық құндылығымызды сақтаймыз десек, қазақ деген қалыпты келесі ғасырларға сол құндылығымызбен өтеміз дейтін болсақ, біз аналарға көңіл бөлуіміз керек. Сондықтан мен Бағдагүл Рахметқызына шексіз ризашылық білдіремін.