Алматыда «Кітап шоу-2024» фестивалі өтті
Алматыдағы Ұлттық кітапхананың қоры жыл сайын 100 мың жаңа кітаппен толығады.
Қазір мұнда 7 миллионнан астам еңбек бар. Бұл туралы Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған «Кітап шоу-2024» фестивалінде айтылды. Биыл дәстүрлі шараға оқырман көп жиналды. Баспалар әдеби, тарихи, ғұмырнамалық шығармаларды арзанға ұсынды. Жас жазушы Ильдар Халитовтың ғылыми-танымдық «Қазақстан метеориттері» деп аталатын еңбегінің тұсауы кесілді. Ал белігілі диктор, мәдениет қайраткері Аманжан Еңсебайұлы студенттерге мәнерлеп оқудан шеберлік дәрісін өткізді. «Кітап шоу» фестивалі мәдени-рухани тәлімі мол шараға айналып келеді. Соның аясында кітапқұмарлар саны артып, білімді ұрпақ қалыптасады.
Ажар Юсупова, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары:
- Күн сайын 2-2,5 мың адам келеді, оқырмандар. Күн сайын 500 адам жаңадан оқырман болып жазылады осы кітапханаға. Сосын бізге шетелден келген авторлар өздері кітаптарды әкеліп, бізге сыйға тартады. Қазір сондай авторлар өздері инициатива алып, осы жерге келіп, кітап тарту етіп жүр.