Атырау облысында ескі қазба орындарын қоршап жатыр. LIVE
Атырау облысының Индер ауданында су деңгейі 10 метр 19 сантиметрге жетті.
Махамбет ауданының тұсында 927 сантиметр. Жайық өзенінің деңгейі әлі де көтеріліп жатыр. Көне Сарайшық қаласының орнын, археологиялық қазба жүргізілген жерді судан қорғау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Асланбек Шығыр, тілші:
- Біз қазір Махамбет ауданына қарасты Сарайшық ауылына келдік. Бұл сонау Алтын Орда дәуірінде астана болған көне Сарайшық қаласының орыны. Қазір мұндағы қазба жұмыстарының орнын су тасқынынан қорғау үшін жаға бекіту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 58 сарбаз, төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері, 17 техника жұмылдырылған. Жалпы Сарайшық ауылында 13 шақырымнан аса бөгет салынды. Сарайшық ауылында 3000-ға тарта тұрғын бар. Бөгет салынған аумақ 8 учаске бөлініп, кезекшілік ұйымдастырылған. Эвакуациялық пункт те дайын. 600-ге жуық орын әзір тұр. Қазір көне Сарайшық қалашығының орнын сақтау маңызды. Осыған байланысты “Сарайшық” мемлекеттік тарихи музей-қорығының қызметкерлері күндіз-түні осы аумақта жағдайды бақылап отыр. Қазір “Сарайшық” музей-қорығының қазба орындарын қорғау бойынша атқарып жатқан жұмыстар туралы музейдің бас инспекторынан білейік. Айбек Тұрарұлы, қазба орындарының аумағы қанша гектар болады? Қауіп деңгейі қандай? Су деңгейі неше метрге дейін көтерілді бұл жерде?
Айбек Тұрарұлы, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы:
Асланбек Шығыр, тілші:
- Мұнда судың деңгейі 4 сағат сайын бақыланып отыр. Әзірге ахуал тұрақты. Дегенмен, қауіпті аймақтың бірі осы Сарайшық ауылы. Ал облыс орталығы Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі 531 сантиметрге жетті. Қауіпті межеге 19 сантиметр қалды. Жағдай бақылауда. Облыс бойынша 522 шақырым бөгет салынған.