В. Өзбековті еске алу шарасы өтті

Елордада 50 жылға жуық қазақ өнеріне қызмет еткен Вячеслав Өзбековке арналған фестиваль өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Ол – ішекті аспаптар квартет кафедрасының негізін қалаушы. Вячеслав Түркістанұлы Шуман және Бахтың фортепианолық шығармаларын орындап, әлемді аузына қаратқан. Талай шәкірттерді тәрбиелеген ол көзі тірі болғанда жетпіске толар еді. Бүгін өнер иесін шәкірттері мен әріптестері еске алды.

Нұрлан Ізмайлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Вячеслав Түркістанұлы екеуміз бала күнімізден доспыз. Оның өнерге адалдығы ерекше болатын. Ол қазақ өнеріне құрметпен қарады және адал еңбек етті. Қаншама шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Бүгін тірі болғанда 70-ке толар еді. Амал қанша?

Райса Мұсаходжаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Өзбековтың әулеті Қазақстан мәдениетіне үлкен үлес қосты. Бүгінгі концертті өзінің шәкірттері істеп жатыр. Бүгін – үлкен мерейтой. 70-ке келді Вячеслав Түркістанұлы Өзбеков. Біз бәріміз қуанамыз. Оның істеген еңбегі Қазақстанға сіңген. Еңбегін бәріміз бағалаймыз.