ШЫҰ: Қазақстан ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып отыр
Қазақстан ШЫҰ аясында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып жатыр.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері онлайн-форматта ХХІ кеңесін өткізді. Отырысты ашқан модератор, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева белсенді мәдени-гуманитарлық байланыстар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынастардың мызғымас негізі болып қала беретінін атап өтті.
Тұрақты түрде ұйымдастырылатын іс-шаралар:
- Мәдениет күндері;
- Ауқымды форумдар мен көрмелер
- Бірлескен ғылыми-тарихи зерттеулер.
Қазақстанның мәдени саясатын жетілдіру бойынша нақты шаралар қабылдануда:
- ҚР 2023-2029 жылдарға арналған мәдени саясатының тұжырымдамасы бекітілді;
- Жылжымалы көрмелер;
- Археологиялық зерттеулер;
- Ескерткіштер мен мәдени мұра объектілері қалпына келтіріледі.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Хан Сохайл мырза ШЫҰ қатысушыларын ортақ мәдени мұра, этномәдени байланыс, тату көршілік қатынастарды қоса алғанда, байланыстыратын ортақ дүние көп екенін атап өтті.
Қазақстан ШЫҰ аясында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосып жатыр. Қазақстан төрағалығымен 2023-2024 жылдардағы іс - шаралар жоспары белсенді іске асуда, жалпы 20-ға жуық іс-шара өткізілетін болады, – деді Хан Сохайл.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 2025 жылғы келесі кеңесі ҚХР-да өтеді.