Аида Балаева музей күнімен құттықтады

Мәдениет және ақпарат министрі музей қызметкерлерін құттықтады.

Аида Балаева мәдени нысандардың тарихи-мәдени мұраны сақтау, оны насихаттау жолындағы орыны айрықша екенін жеткізді. Елде 271 музей жұмыс істейді, оның 17-сі республикалық мәртебеге ие. 

Биыл елордадағы Ұлттық музейге 10 жыл. Оның қорында 220 мыңнан астам жәдігер бар. Ал Орталық мемлекеттік музей қорында 272 мыңға жуық экспонат шоғырланған, оның 28 154-і ұлттық мәдени мұра тізіміне енген. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей қызметкерлеріне толайым табыс, сарқылмас күш-жігер тілейтінін жеткізді. 

Елде 271 музей бар:

271 мың экспонат - орталық мемлекеттік музейде;

220 мың экспонат - ұлттық музейде