Әлем Димашты туған күнімен құттықтап жатыр

Ұлыбританияда Димаштың екі фан-клубы бар.

Оның әндерін түсіну үшін ұлы Абай тілін үйреніп, Қазақстанға саяхаттап та жүр. 30-дан астам адам Лондонның көрнекті орындарында жиналып, әншіге ыстық лебіздерін жеткізді. Жұрт қолдарына Қазақстан мен Ұлыбритания туларын ұстап, қазақ тілінде ән шырқап, қамажай биін биледі.   

Анка Тимофте, фан-клубтың негізін қалаушы:

- Біз Ұлыбританиядағы диерстар қауымы Димашқа құттықтауымызды жолдаймыз. Оның адам нанғысыз ғажап дауысы біздің жүрегімізді жаулап алды. Ал музыкасы әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықты біріктірді. Димаш, сенің өнердегі қанатың талмасын. Әндерің бізді шабыттандыра берсін. Кезекті концертіңді асыға күтеміз. Ұлыбританиядағы жанкүйерлерің сені жақсы көреді.