Түркияда «Қанышнаме» кітабының тұсаукесері өтті

Ыстамбұлда халқымыздың біртуар перзенті, көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай «Қанышнаме» кітабының тұсаукесері болды.

Белгілі айтыскер ақын Ас-панбек Шұғатай өз еңбегінде ғалымның өмір жолы мен қазақ ғылымын дамытудағы ерен еңбегін поэма түрінде өрнектеген. Ал кітаптың өзі, алтын құйма пішінінде әзірленген. Туындыда ғалым өмірінің әртүрлі кезеңдері суреттермен берілген. Басқосуға жиналған Түркиядағы қандастарымыз авторға алғыстарын білдірді. Іс-шара шағын концерт және айтыспен жалғасты. 

Аспанбек Шұғатай, «Қанышнаме» кітабының авторы: 

Қаныш атам өзі әлемнің Пекин деген қаласында, Лондон, Париж небір әлемнің мықты қалалырнда болған екен. Бірақ Стамбул қаласында болмаған екен. Қаныш атамды бүгін Түркияға алып келіп отырған жайым бар.

Мен келдім Керекудің қаласынан

Бүкіл әлем қосылар дәл осыған

Мен үшін қазақтардың бәрі Қаныш

Мен үшін түріктердің бәрі Осман - деп

бүгін Қаныш атамыздың кітабын алып келген жайымыз бар.