«Бабалар аманаты» жинағының тұсаукесері өтті
Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Бабалар аманаты» жинағының тұсаукесері болды.
Алтыншы кітап көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналды. Жинаққа белгілі суретшілер мен көркем еңбек пәні ұстаздарының, жас қылқалам шеберлернің туындылары топтастырылған. Шығармаларда жазушы бейнесі, ұлы тұлғаларымыздың арман аңсары, салт-дәстүрімізді мұрат тұтқан бұқара халық болмысы, махаббат пен сүйіспеншілік тақырыбы арқау болған. Кітап төрт тілде басылды. Құрастырушысы Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі Қанағат Қалиұлы. Жазушының мерейтойына орай жыл соңына дейін ЮНЕСКО көлемінде бірқатар халықаралық мәдени іс-шаралар өтеді.
Қанағат Көдеков, "Бабалар аманаты" этнографиялық дизайн одағының төрағасы:
«Бердібек Соқпақбаев атамыздың 100 жылдығана шыққан жинағымыздың төрт тілде жарық көрген жинағының тұсаукесері Парижде, Еуропа төрінде жалғастырмақшы. Бұл жерде қазақ, ағылшын, орыс және француз тілдерінде еніп отыр».