«Қажымұқан» фильмі көрерменге жол тартты

Қажымұқан фильмі қалың қарашаға жол тартты.

Белгілі режиссер Қанағат Мұстафин таспалаған туынды қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби балуан, алып күш иесі Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірінен сыр шертеді. Тарихи шығарма елдегі 80 кинотеатрдан күніне 200 рет көрсетілуде. Кейіпкердің жас және қарт шағын, ағайынды Диас пен Ербол Төлепбергеновтер сомдаған. Ал фильмді түсіруге 80-нен астам маман мен 40-қа жуық актер қатысқан. Жоба құны 600 млн теңге.

Қанағат Мұстафин, «Қажымұқан» фильмінің режиссері:

- Бұл жобаны негізі мен 12 жылдан бастап дайындап келе жатырмын, сценарийін жаздым. 2019 жылы Ұлттық киноны қолдау қоры ашылған кезде осы жобамен қатысып, жеңіп алып, 20-жылы түсіре бастадым. Негізгі мақсат осы киноны қарап жасөспірімдер осындай Қажекең сияқты, Қажымұқан бабамыз сияқты әлем чемпионы болсақ, бүкіл әлемге қазақты көрсетсек, қазақтың күшін деген мың жасөспірім шықса, менің миссиям орындалды деп санаймын.