Күйші Нұрғиса Дәуешов оралдық өнерсүйер қауыммен кездесті

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, күйші Нұрғиса Дәуешов оралдық өнерсүйер қауыммен кездесті.

«Иірім» атты шығармашылық кеште дарын иесі өмір жолындағы сәулелі сәттермен бөлісті. Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол», «Байжұма», Төлеген Момбековтың «Салтанат», Қауеннің «Сәнау», Қарасайдың «Қарасай Қази», Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйлерін орындап, шанақтан шыққан сұлу сазбен тыңдармандарға ерекше әсер сыйлады. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиевпен күй тартысы да көптің көңілінен шықты. Осы кеште астаналық әнші Асхат Әмірғалиев Нұрғиса Мұратұлының әніне жазылған «Келемін Ана» әнінің тұсауын кесті.

Шалқарбай Ізбасаров, ақын:

- Әйгілі күйші Қали Жантілеуовтың домбырасымен Нұрғисаның күй тартуы халықты ерекше толқытып жіберді. Күй мұрамыз ғой. Күйде қаншама тарих жатыр, қаншама дәстүр жатыр, қазақтың мұң-мұқтажы жатыр. Және бүгін ғажайып тек батыстың күйлері емес, қазақтың шертпе күйі керек пе, арқаның күйі керек пе, күй өнеріне деген қазақтың сағынышын, махаббатын басты ғой де ойлаймын. Кеш өте тамаша өтті.

Нұрғиса Дауешев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, күйші:

- Мен үшін үлкен мәртебе. Осы жерден бала болып кетіп, өнерімді шыңдап, 20 жылдан кейін арнайы шақырылғаным. Әрине толқыныс үстіндемін. Осыны сөзбен жеткізіп айту мүмкін емес. Бірақ оның бәрі адам ішіндегі толғанысын күймен, әнмен, талантымен шығарады ғой. Мен ойнаған күйлердің ішінде сол толқынысым.