«Еуразия» кинофестивалінде «Адалау» фильмі көрсетілді

«Еуразия» кинофестивалінде «Адалау» фильмі көрсетілді

Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі жалғасып жатыр.

Байқау аясында әлемдік киноның аңызы, Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағы» иегері Нури Бильге Джейланмен шығармашылық кездесу өтті. Түрік режиссерінің «Адалау» фильмі көрсетілді. Оқиға  қар басқан, тұманды Стамбулда өтеді. Юсуф есімді ауылдан шыққан жас жұмысшы портқа жұмысқа тұру үшін қалаға келеді. Ол өзінің Махмут деген туысқанының үйіне тоқтайды. Ал ол танымал фотосуретші. Махмут пен аңғал, оқымаған Юсуфтың арасы жер мен көктей. Фильм әлеуметтік жағдайы әртүрлі осы екі жастың күрделі қарым-қатынасы туралы баяндайды.  Туынды 2002 жылы  Канн кинофестивалінінің бас жүлдесін жеңіп алған. Бұл жолы да байқаудан тыс көрсетілімі аншлагпен өтті. Кездесуде көрермендер режиссермен тілдесіп, өз сұрақтарына жауап алды.

Диана Әшімова, «Еуразия» кинофестивалінің бағдарлама директоры:

- Бәріңіз жақсы білесіздер «Адалау» фильмі Канн кинофестивалінде үздік деп танылған. Сондай-ақ «Алтын пальма бұтағының» иегері. Нури Бильге халықаралық шараның құрметті қонағы. Ол осы фестивальдің қазылар алқасына мүше. Кино саласына қызығып жүрген жастармен тәжірибесімен бөліседі.