Астанада «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының есептік концерті өтті

Мәдени шара Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.

Концерт Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 114 жылдығына орайластырылған. Есептік кеште балалар патриоттық тақырыпта ән айтып, би билеп, күй ойнап өнерлерін ортаға салды. «Жас сарбаз» балалар студиясында барлық күш құрылымдарының әскери қызметшілері мен азаматтық персоналының балалары үйірмелерге тегін қатысады. 2024 жылдың маусым айында студияның би ұжымы Қырғызстандағы «Нәресте» халықаралық фольклорлық фестивалінде сәтті өнер көрсетсе, тамыз айында 20 би ұжымы арасында Көкшетау қаласында өткен Ұлттық Дельфий ойындарының жеңімпазы атанды.

Мерей Асхат, «Жас сарбаз» шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі:

- Мен осы студияға 3 ай қатысамын. Біз қазақтың салт-дәстүрлерін көресетеміз және патриоттық билерді көрсетеміз. Маған «Жас сарбаз» студиясы өте қатты ұнайды.

Бауыржан Сейденов, әскери медицина қызметінің подполковнигі:

- Қызым Медина «Жас сарзбаз» шығармашылық студиясының би үйірмесін ебарғанына 2 жыл болды. Осы екі жылдың ішінде қаншама жетістіктерге қол жеткізді. Балаларымыздың өнерін қолдап, үлкен мүмкіндіктер жасап жатқан Қорғаныс министріне, әскери патриоттық орталықтың басшылығына алғысымды білдіргім келеді.